Шартарап

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарадағы даулы құрылыс мәселесін талқылап жатыр

  • Қырғыз-тәжік шекарасы. Көрнекі сурет.

    Қырғыз-тәжік шекарасы. Көрнекі сурет.

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарадағы даулы құрылыс мәселесін талқылап жатыр. Бұған дейін қырғыз-тәжік шекарасындағы айқындалмаған аумақта тәжік тарабы құрылыс жұмыстарын жүргізіп, шекара маңы тұрғындарының бірнеше рет жанжалдасып қалғаны хабарланған.


Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, 14 қыркүйек күні болған алғашқы келіссөзде қырғыз жағы құрылыс жұмыстарын тоқтатуды талап еткен. Тәжік жағының бұған қандай реакция білдіргені әзірге белгісіз. Келіссөз 15 қыркүйекте де жалғасады деп хабарланған.


Қырғызстанның шекара қызметінің хабарлауынша, 14 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша 16:00 шамасында Баткен ауданы Жака-Орук елді мекені жанындағы даулы бөлікке Тәжікстан азаматтары шамамен он көлік қиыршық тас әкеліп түсірген. Бұған қоса, түрлі құрылыс материалдарын жеткізіп, құрылысқа дайындық жасаған. Осыдан соң бұл маңға Қырғызстан азаматтары да жиналған. Бірақ кешке қарай тараған.


Қырғыз-тәжік шекарасы маңында кикілжіңнің алдын алу мақсатында Қырғызстанның шекара қызметі күшейтілген тәртіп режиміне көшкен. Шекара қызметінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 14 қыркүйек 23:00 күнгі жағдай бойынша бұл аумақта жағдай тұрақты болған.


Баткен облысының Тәжікстанмен шекаралас аумағында 22 тамызда жанжал болып, 16 қырғыз және 10 тәжік азаматы зардап шеккен. Қырғыз шекарашыларының сөзінше, тәжік ауылының тұрғындары ауылға кіре берісте флагшток орнатқан соң жанжал шығып, қарудан оқ атылған. Ал тәжік тарабы Қырғызстан жағы бірінші оқ атты деп айтқан.


Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы шекараның ұзындығы 970 шақырым, оның тек 519 шақырымы бойынша екі ел арасында келісім жасалған. Қалған тұсында су, жайылым мен жерге байланысты дау жиі болып тұрады.


 azattyq.org




Көрілген: 482    Пікірлер: 0

жексенбі, 15.09.2019, 16:46

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31