Шартарап

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында тағы да атыс болды

  • Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында тағы да атыс болды

    Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында тағы да атыс болды

Қырғыз-тәжік шекарасында екі елдің шекара ведомстволарының әскери қызметшілері арасында атыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті шекара қызметінің хабарлауынша, оқиға 8 шілде сағат 17.00 шамасында болған.

 
“Атты шекарашылар отряды кезекшілік кезінде күтпеген жерден Тәжікстан шекарашыларының шабуылына тап болыпты. Осыдан кейін әскери қызметкерлер арасында атыс басталған. "Оқиға құрбандары туралы ақпарат нақтылануда. Қырғызстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Баткен облысы бойынша Шекара қызметінің басшысы Кыялбек Толонбаев пен қауіпсіздік органдарының жетекшілері мән жайды білу үшін оқиға орнына арнайы барды. Шекара қызметінің өкілдері бұл фактіні тексеріп жатыр", - деді ведомство.

Ал Тәжікстан қақтығыс себептерінің өзіндік нұсқасын атады. Орталық Азияның жаңалықтар қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, оқиғаға қырғызстандық шекарашылардың заңсыз түрде Тәжікстан аумағына өтуге әрекеттенуі себеп болған.

Еске салайық, 29 сәуірде қырғыз-тәжік шекарасында атыс басталып, екі ел арасындағы қарулы қақтығысқа ұласты. Соңғы рет 28 сәуірден 1 мамырға созылған қарулы жанжалдан 36 қырғыз және 19 тәжік азаматы қаза тапқан. Одан бөлек, екі тараптан 300-ге жуық адам зардап шеккен.  




Көрілген: 718    Пікірлер: 0

жұма, 09.07.2021, 10:18

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қыркүйек, 12:32
    Әлемде эпидахуал қандай?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30