Шартарап

Қырғызстан президенті Жээнбеков жоғалып кетті - БАҚ

  • https://sn.kz/

    https://sn.kz/

Қырғызстанның ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Курсан Асанов қазір президент Сооронбай Жээнбековтің және әлі күнге дейін отставкаға кетпеген ішкі істер министрі Қашқар Жүнісәлиевтің қайда екенін білмейді, - деп хабарлайды 24.kg.

 

Бұл туралы ол бүгін Бішкекте өткен брифингте журналистердің сұрақтарына жауап бергенде хабарлады.

 

"Шындығында, мен қазір Бішкекте тәртіп орнату мәселелермен айналысып жатырмын. Өздеріңіз көріп отырғандай, кешеден бастап еріктілермен бірге қаладағы жағдайды бақылауға алып, елді тонауға жол бермедік. Біз осы бағытта жұмыс істеуді жалғастырамыз. Жээнбековты және басқаларды іздестірумен өзге құрылымдар айналысады деп ойлаймын", - деді Курсан Асанов.

 

"Бізге оның орналасқан жері белгісіз. Оны іздеп жатқанымыз жоқ, қазір басқа жұмыс көп. Ең бастысы - тәртіп орнату", - деп жазған РИА Новости Асановтың сөзін.

 

Айта кетейік, 6 қазанда ішкі істер министрінің бұрынғы орынбасары Курсан Асанов Қырғызстанның астанасы мен ішкі істер министрінің міндетін атқарушы комендант болып тағайындалды.

 

Кейінірек Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі Жээнбеков Бішкекте екенін және жағдайды тұрақтандыру үшін саяси күштермен келіссөздер жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

 

Осы уақытта Ош облысында Сооронбай Жээнбековті қолдауға арналған митингілер өтіп жатыр. Сондай-ақ, наразылық акциясына қатысушылар елде заңды сақтауға шақырды. Онда 500-ден аса адам жиналды.

 

sn.kz




Көрілген: 592    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.10.2020, 15:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30