Шартарап

Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков табылды

  • https://24.kg/

    https://24.kg/

Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков табылды. Ол Бішкектен ешқайда кетпеген. Бұл туралы Қырғызстан Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

Қазіргі уақытта Жээнбеков барлық саяси күшпен елдегі жағдайды заңды арнаға қайтару үшін келіссөздер жүргізуде, - деп хабарлады баспасөз қызметі.

 

Жээнбеков пен Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Кубатбек Бороновтың жоғалып кеткені туралы бүгін белгілі болған.

 

Қырғызстан Қауіпсіздік кеңесі басшысының орынбасары Өмірбек Суваналиевтің айтуынша, наразылық акциялары басталғаннан бері шенеуніктер көпшілік алдына шықпаған. 

 

Интернетте Президенттің бірнеше үндеуі жарияланған, бірақ олардың қай жерде жазылғаны белгісіз. Осыған орай Қауіпсіздік кеңесі Қырғызстан шекарасын жабу туралы шешім қабылдады.

 

Еске салайық, жексенбі, 4 қазан күні Қырғызстанда Жогорку Кенешке депутаттарды сайлау өтті. Депутаттық мандатқа 16 партия үміткерлік етті.

 

7 пайыздық межеден өткен төрт партия Қырғызстанның 120 орындық парламенті &ndash Жогорку кенешке депутат жіберу мүмкіндігіне ие болған.

 

Сайлау нәтижелерімен келіспеген демонстранттар Бішкекте Қырғызстан парламенті &ndash Жогорку кенеш ғимараты мен Президент әкімшілігі қоршауынан секіріп кірмекке талпынды. Демонстранттар ғимарат ауласына бөтелке, тас лақтырды.

 

Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков 6 қазан күні парламенттік сайлауға қатысқан партия көшбасшыларымен кездесетіні хабарланды.

 

Митингіге шыққандар мен қарулы күштердің текетіресі сағат 20.00-ден бастап Ақ үйге басып кірумен аяқталған.

 

Демонстранттар парламент ғимаратын басып алып, экс-президент Алмазбек Атамбаев пен басқа саясаткерлерді қамаудан босатты.

 

 Көп ұзамай депутаттар бұрынғы парламент мүшесі Садыр Жапаровты премьер-министрдің міндетін атқарушы етіп тағайындауға дауыс берді. Бұрынғы үкімет басшысы, Жогорку Кенештің спикері отставкаға кетті. Сонымен бірге парламент Президентке импичмент жариялау процедурасын бастады.

 

 

BAQ.KZ




Көрілген: 1122    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.10.2020, 17:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30