Шартарап

Қырғызстан президенттерінің отставкасында тылсым заңдылық байқалды

  • Қырғызстан президенттерінің отставкасында тылсым заңдылық байқалды

    Қырғызстан президенттерінің отставкасында тылсым заңдылық байқалды

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековтың отставкаға кету туралы шешімінен кейін көпшілік біртүрлі, мистикалық заңдылықты байқады. Мемлекет басшыларының бәрі 61 жасында лауазымынан кеткен екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Елдің тұңғыш президенті Асқар Ақаев 15 жылға жуық мемлекет басшысы болғаннан 2005 жылы наурызда Қызғалдақ төңкерісінің нәтижесінде биліктен кетті. Ол кезде Ақаев 61 жаста болды. Оның ізбасары Құрманбек Бакиев 2010 жылдың сәуір айында болған ауқымды наразылықтардан кейін президент орыннан айырылып, Беларуське қашуға мәжбүр болды. Ол елді бес жыл басқарды, ал биліктен түскен кезде 61 жаста еді.

 
Роза Отынбаева елді жарты жылдан аз уақыт басқарды - 2010 жылдың шілдесінен 2011 жылдың желтоқсанына дейін. Қырғызстанның алғашқы және жалғыз әйел президенті бұл лауазымды Алмазбек Атамбаев 2011 жылғы 1 желтоқсанда қызметке кіріскенге дейін атқарған.  Алмазбек Атамбаев 2017 жылдың 24 қарашасына дейін билікте болды. Отставкаға кеткенде Атамбаев та 61 жаста еді.

2017 жылғы 24 қарашада Сооронбай Жээнбеков Қырғызстан президенті болып сайланды. Осы жылдың 4 қазанында өткен парламент сайлауының нәтижесімен келіспеген азаматтар митингке шықты. Оның соңы жаппай наразылықтарға ұласып, тіпті ел астанасында төтенше жағдай жарияланды. Тоқтаусыз наразылықтардан кейін Жээнбеков отставкаға кетуге шешім қабылдады. 2020 жылы 15 қарашада ол 62 жасқа толады.




Көрілген: 704    Пікірлер: 0

жұма, 16.10.2020, 12:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31