Шартарап

Қырғызстан шекарадағы атысты "басқыншылық" деп атады. Тәжікстан қырғыз әскерилеріне іс қозғады

  • https://kaz.tengrinews.kz/

    https://kaz.tengrinews.kz/

Қырғызстан бас прокуратурасы сәуір айының соңында қырғыз-тәжік шекарасында болған қақтығысқа байланысты "адамзатқа қарсы қылмыс" бойынша қылмыстық іс қозғады. Ведомство тәжік әскерінің 29 сәуірдегі әрекетін "әскери басқыншылық" деп атады.

 

3 мамырда жариялаған мәлімдемесінде Қырғызстан бас прокуратурасы 29 сәуір таңғы сағат 4:40-та "қарақшылық топтар" мен Тәжікстан әскері автомат, миномет, әскери тікұшақ, ауыр броньды техника және өзге де қару түрлерімен Қырғызстан шекарасына шабуыл жасады деп жазған.

 

Ведомство стәжік тарабын жергілікті халықты тонап, тұрғын үйлер мен инфрақұрылым нысандарын жаппай өртеді деп айыптады. Соның нәтижесінде "мемлекет пен азаматтарға орасан зор материалдық шығын келді" дейді қырғыз тарабы.

 

Қырғызстан бас прокуратурасы "қырғыз сарбаздары қаруды тек тұрғындарды қорғау үшін және елдің территориялық тұтастығы мен егемендігіне нұқсан келмес үшін пайдаланған" деп санайды.

 

ТӘЖІКСТАН ТАРАПЫ ШЕ?

 

3 мамырда Тәжікстан бас прокуратурасы Қырғызстанның бірқатар әскери қызметкерлері мен азаматтарының үстінен "Адам өлтіру" және "Соғыс бастау немесе жүргізу" баптары бойынша қылмыстық іс қозғаған.

 

Тәжікстан прокуратурасы шекарадағы қақтығысты Қырғызстанның шекарашылары бастады дейді.

 

"Әскери шабуылдың салдарынан Исфара әкімі Баховаддин Баходурзода жараланып, Тәжікстан азаматтары мерт болды" деп мәлімдеді ел прокуратурасы.

 

Соғды облысының басшысы Раджаббой Ахмадзоданың сөзінше, ел президенті Эмомали Рахмонның тапсырмасы бойынша шекарадағы қақтығыс кезінде қираған үйлер мемлекет есебінен жөнделеді.

 

ҚЫРҒЫЗ-ТӘЖІК ШЕКАРАСЫНДА НЕ БОЛДЫ?

 

Қырғыз бен тәжік ауылдарының арасында жанжал 28 сәуірде су торабының маңында басталған. Ертесінде тұрғындар арасында қақтығыс күшейіп, екі елдің қауіпсіздік күштері атысқан. Тараптар бір-бірін жағдайды ушықтырды деп кінәлады. Қырғызстан билігі 36 адамның қаза болғанын және жүзден астам адамның зардап шеккенін хабарлады. Азаттықтың Тәжік қызметінің есептеуінше, тәжік жағынан кемінде 16 адам қаза тапқан.

 

1 мамырда Баткен облысында екі ел үкіметтерінің делегациясы делимитация және демаркация мәселелері бойынша келіссөз өткізді, кездесу кезінде тараптар атысты толық тоқтату және шекарадан әскер әкету туралы келісімге келген. Тараптар бұдан бұрын да атысты тоқтатуға келіскен еді. Алайда 30 сәуірде шекара маңында атыс естілген.

 

Қырғызстан шекара қызметі 4 мамырда таңертең қырғыз-тәжік шекарасында жағдай тұрақты деп хабарлады. Өткен түні атыс немесе жанжал болмаған

 

Қырғызстан ІІМ де Баткен облысының шекараға жақын орналасқан барлық елді мекендерде жағдай тұрақты екенін айтты. Шекара аумағындағы елді мекендерді милиция бақылауына алған.

 

 

azattyq.org




Көрілген: 579    Пікірлер: 0

сейсенбі, 04.05.2021, 19:18

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31