Шартарап

Қырғызстанда бойжеткеннің өлімі: Милицияның 43 қызметкері жауапқа тартылды

  • https://www.azattyq.org/

    https://www.azattyq.org/

Қырғызстанда 27 жастағы қызды ұрлау және өлтіру ісі бойынша ішкі істер органдарының 43 қызметкері жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Кабар» агенттігіне сілтеме жасап.

 

Қырғызстан Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, министрлік осы іске жауапты тұлғаларға өз қызметтік міндеттерін тиісті орындамағаны үшін түбегейлі шаралар қолданады.

 

Ведомство дерегінше, қайғылы оқиғаға байланысты Бішкек қаласы Первомай аудандық ішкі істер бөлімі, Бішкек қаласының және Шу облысының ішкі істер басқарламаларының қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеру тағайындалған.

 

«ІІМ-нің Ішкі тергеу қызметі болған оқиға және милиция қызметкерлерінің, бөлім бастықтарының әрекеттері бойынша толық және объективті тексеріс жүргізді. Нәтижесінде олардың қызметтік әрекеттеріне баға беріліп, 2021 жылдың 9 сәуірінде ІІМ-нің бұйрығы шықты», - деп жазады «Кабар».

 

Жалпы, аталған іс бойынша ішкі істер органдарының 43 қызметкері жазаланды.

 

Лауазымынан босатылғандар арасында Бішкек қалалық ішкі істер басқармасының бастығы Б.Матмусаев, оның орынбасары Э.Атантаев, Бішкек қалалық ішкі істер басқармасы Тергеу қызметінің бастығы Н.Утемисов бар.

 

Еске салайық, 5 сәуір күні 3 ер адам 27 жастағы Айзада Қанатбекованы алып қашты. Қырғызстанның ҚК-нің 175-бабы (Адамды некеге отырғызу мақсатымен ұрлау) бойынша іс қозғалды.

 

7 сәуірде Айзаданың мүрдесі Арашан және Чокморов ауылдарының арасында, «Хонда» автокөлігінде табылды.

 

Алдын ала дерек бойынша, қызды ұрлаған азамат оны буындырып өлтірген. Артынша өзінің мойнына пышақ сұғып, суицид жасаған.

 

8 сәуірде Бішкекте Қырғызстанның ІІМ және Бішкек ҚІІБ басшыларының отставкаға кетуін талап еткен митинг өтті.

 

Жағдай бойынша Қырғызстан президенті Садыр Жапаров мәлімдеме жасап, бұл істі өз бақылауына алды.

 

 




Көрілген: 675    Пікірлер: 0

сенбі, 10.04.2021, 16:33

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31