Шартарап

Қырғызстанда депутаттар президент Жээнбековке қатысты импичмент процесін бастады

  • Қырғызстанда депутаттар президент Жээнбековке қатысты импичмент процесін бастады

    Қырғызстанда депутаттар президент Жээнбековке қатысты импичмент процесін бастады

Қырғызстан парламентінің депутаттары ел президенті Сооронбай Жээнбековке импичмент процесін бастады. Бұл туралы "Ата-Мекен" оппозициялық партия депутаты Каныбек Иманалиев РИА Новости басылымына айтқан, деп хабарлады tengrinews.kz сайты. 

"Депутаттардың бір бөлігі импичментті қолдап, қол қойды. Өте қиын процедура, бірақ ол басталды деуге болады", - деді Каныбек Иманалиев.

Заң бойынша президентке қарсы айыптауға шешім шығару үшін депутаттардың көп бөлігі (жалпы санының үштен бірінен кем емес) дауыс беру керек. Сондай-ақ парламент құрған арнайы комиссияның шешімі керек. Импичментке шығарғаннан кейін үш айдан аспай тұрып, шешім қабылдануы тиіс. Егер үлгермесе, айып кейін қайтарылған болып есептеледі.

Сооронбай Жээнбековке қарсы басталған импичмент талқыланып жатқанын "Ата-Мекен" партиясынан депутат Эльвира Сурабалдиева да мәлімдеді.

"Қазір импичментті талқылап жатырмыз", - деді ол Facebook желісінде тікелей эфирде.

Сурабалдиева Twitter желісінде депутаттар Мыктыбек Абдылдаев және Айгуль Аскарова президент импичментіне қол қоюға қарсы болғанын жазды.  

7 қазанда Қырғызстан парламентінің депутаттары жиын өткізіп, елдегі жағдайды талқылады. Олар митингіге шыққандардан қауіп төнбеуі үшін жиналатын жерін құпия сақтаған.  Бірақ барлық депутат келмегендіктен кворум болмады, деп жазады АКИpress.




Көрілген: 553    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.10.2020, 11:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30