Шартарап

Қырғызстанда қыз алып қашатындар енді 10 жылға дейін сотталады

  • Қырғызстанда қыз алып қашатындар енді 10 жылға дейін сотталады

    Қырғызстанда қыз алып қашатындар енді 10 жылға дейін сотталады

Қырғызстанда қыз алып қашуға байланысты жаза күшейтілді. Енді қыз ұрлаушылар 7 жылдан 10 жылға дейін түрмеге қамалады. Бұл туралы "Әйелдер әлем банкі" үкіметтік емес құқық қорғау ұйымының төрағасы Гүлсана Абытова мәлімдеді.


"Отбасын құру үшін жас қыздарды өз еркінсіз алып қашу әлі де жалғасуда, тіпті, қыздар бұндай жағдайдан кейін өзіне қол жұмсаған жағдайлар да болды", — деп мәлімдеді Абытова. Сонымен қатар, құқық қорғау ұйымының төрағасы көп жағдайда ұрланған қыздардың ата-аналары мен туыстары орын алған жағдай туралы құқық қорғау органдарына мәлімдемейтіндігін, ал сотқа бірен-саран жағдайлар ғана жеткізілетіндігін жасырмады.


Құқық қорғаушылар күн сайын Қырғызстанда кәмелеттік жасқа толмаған қыздарды ұрлауға қатысты 30-ға жуық оқиға тіркелетіндігін хабарлады. Олардың алтауы зорлықпен болатыны мәлім болды. Республика қалаларында әрбір бесінші неке қалыңдықты ұрлау жолымен қиылса, ал ауылдарда бұл көрсеткіш 60 пайызға жетеді, бұлай тұрмыс құрудың үштен екісі қыздардың келісімінсіз болады.  




Көрілген: 411    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.04.2019, 09:27

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31