Қырғызстанда метеорит құлады (видео)

07 сәуір 2021, 19:20

7 сәуірге қараған түні Бішкек пен Шу облысында аспанда белгісіз нысан байқалды.

 

Әлеуметтік желілерде кейбір пайдаланушылар оны метеорит деп болжаса, ал басқалары жасанды зат — зымыран немесе спутниктің сынықтарына балады.

 

Қырғызстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі метеорит құлады деген болжамды растады.

 

Қазіргі уақытта объектінің құлау орны анықталуда.

 

 

 

kaz.365info.kz