Шартарап

Қырғызстанда оппозициялық саясаткер Омурбек Текебаевқа шабуыл жасалды

  • Қырғызстанда оппозициялық саясаткер Омурбек Текебаевқа шабуыл жасалды

    Қырғызстанда оппозициялық саясаткер Омурбек Текебаевқа шабуыл жасалды

1 желтоқсанда Бішкекте "Ата Мекен" оппозициялық партиясының лидері Омурбек Текебаев шабуылға ұшырады. Оның сөзінше, оқиға түс ауа қонақ үй ресторанында болған, деп жазады Азаттық. 

- Денесі ірі бір топ адам келе қалды. Кейін қарасақ 70-тей адам болған екен. "Тыныштықты неге бұзып жүрсіздер? ОСК маңында неге митингіге шығып жүрсіңіздер?" деді. Жауап беріп үлгермедім, ұрып жіберді. "Сыртқа шық, көлікке отырығызып бір жаққа алып кетіп, сөйлесеміз" деді. Басшысы "сайлау бітті, сендер жеңілдіңдер, біз жеңдік, мойындаңдар, жастарға жол беріңдер" деді.

Кейін жұрт жинала бастаған соң шабуылдағандар қашып кеткен.

- Күш қолданғандар 2-3 адам болды. Қалғандары еріп жүрді. Осы маңда милиция жүрсе де келмегенін баса айтқым келеді. Оларды шақырған соң 10-15 минуттан кейін келді, - деді Текебаев.

Саясаткер шабуылды саяси ісімен байланыстырып, оқиғаны "саяси террор" деп атады. Facebook қолданушысы Erlan Bekchoroevich оқиғадан үзінді жариялады.

Текебаев ішкі істер бөлімшесіне арыз жазатынын, оқиға орнында болған милицияларды, куәгерлерді, зардап шеккендерден жауап алуды талап ететінін айтты.

Омурбек Текебаев – "Ата Мекен" партиясының лидері, парламентке алты рет депутат болып сайланған. 2005-2006 жылдары спикер болған. 28 қарашада өткен сайлауда партия тізімін бастап тұрған еді. Алдын ала нәтиже бойынша "Ата Мекен" партиясы 4 пайыз дауыс жинап, парламентке өтпей қалды.

"Ата Мекен" мен бірнеше партия сайлау нәтижесін мойындамайды. Олар Орталық сайлау комиссиясының алдында наразылыққа шығып, сайлау нәтижесін жоюды талап етті.




Көрілген: 376    Пікірлер: 0

бейсенбі, 02.12.2021, 01:38

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31