Шартарап

Қырғызстанда соңғы қоңырау 30 мамырда онлайн түрде өтетін болды

  • Қырғызстанда соңғы қоңырау 30 мамырда онлайн түрде өтетін болды

    Қырғызстанда соңғы қоңырау 30 мамырда онлайн түрде өтетін болды

Қырғызстанда оқу жылы 30 мамырда аяқталады, деп мәлімдеді елдің Білім және ғылым министрінің орынбасары Надира Жүсіпбекова.

«Көктемгі демалыс әдеттегіден ұзақ болды. Сосын 1-5 мамыр демалыс күндері болды. Оқушылар мектеп бағдарламасын толық игеру үшін оқу жылын создық», - деді министрдің орынбасары.

Оның айтуынша, коронавирус эпидемиясына байланысты мектептерде соңғы қоңырау шарасы онлайн түрде 30 мамырда өтеді.

«Сынаптан сыныпқа ауысу емтиханы биыл өтпейді. Мұғалімдер оқушылардың жыл бойы сабақ үлгеріміне қарап баға беретін болады. Мектеп бітірушілерге аттестация беру ережесіне өзгерістер енгізілді.

Мектеп директоры пәндік комиссия құрады. Оған мұғалімдер әрбір түлектің әр тоқсандағы сабақ үлгерімі жайында есеп береді. Жалпы белсенділігі, олимпиадаға, түрлі байқауларға, ғылыми жұмыстарға қатысуы да есепке алынады», - деп түсіндірді министрдің орынбасары.

Мектеп түлектері өзіне қойылған бағаға көңілі толмаса, шағымдана алады. Ал 21 маусымда 180 тест орталығында мектеп түлектері ұлттық біріңғай тест тапсырады.

abai.kz

 

 




Көрілген: 288    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.05.2020, 09:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қыркүйек, 08:51
    Қауіпті маса пайда болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30