Шартарап

Қырғызстанда төтенше жағдай: екі адам көз жұмып, біреуі кепілге алынды

  • © AFP 2019 / KAREN BLEIER

    © AFP 2019 / KAREN BLEIER

Қырғызстанның Ыстықкөл облысында орналасқан "Хан Тәңірі" аңшы лагерінде төтенше жағдай болды. Екі адам қаза болып, бір әйел кепілге алынды, тағы біреуі жараланды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.


Төтенше жағдай 4 шілде күні болған. Қырғызстан ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қылмыс жасады деген күдікпен күзетшіге іздеу жарияланды.


Куәгерлердің айтуынша, 29 жастағы ер адам асханаға кіріп, лагер бастығының орынбасарына оқ атқан. Кейін лагерьде істейтін 31 жастағы жұмысшыны ішінен жаралаған. Осы сәтте ауылдың басқа тұрғыны күдіктіні ұстап алмақ болады. Алайда қаскөй пышақпен оның қолын жарақаттаған. Ер адам асханадан қашып шығып, аман қалыпты.


Лагерь бастығының орынбасары оқиға орнында көз жұмды. Ішіне оқ тиген жұмысшы медициналық көмек алу үшін заставаға бара жатқан жолда жан тапсырды.


Осыдан кейін күдікті обаға қарсы қызметтің 48 жастағы қызметкерін кепілге алып, белгісіз бағытта ізін жасырған.


Бүгін милиция қызметкерлері әйелді босату және күдіктіні ұстау бойынша арнайы операцияны бастады.


Алдын ала мәлімет бойынша, қылмысқа тұрмыстық жанжал себеп болған. Оқиға орнында ішкі істер министрінің орынбасары Мирлан Каниметов жүр, ол арнайы операцияны басқаруда.


Sputnik


 




Көрілген: 480    Пікірлер: 0

жұма, 05.07.2019, 15:02

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30