Шартарап

Қырғызстандық чемпион Ресейде қаза тапты

  • https://www.instagram.com/bolot_atakulov/?utm_source=ig_embed

    https://www.instagram.com/bolot_atakulov/?utm_source=ig_embed

Ресейдің Ленинск-Кузнецкий қаласында 32 жастағы ер адам қызымен ұрсып қалған жігітті соққыға жықты. Жас жігіт алған жарақаттарынан аурухананада көз жұмды деп хабарлайды vesti.kg сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.


Кузбасс ІІМ бас басқармасы іздестіру барысында полицияның ер адамды қолға түсіргенін мәлімдеді.


"Ол жергілікті барлардың бірінде ішімдік ішіп отырып, жігіт пен қыздың арасында дау-дамай туғанын байқаған. Қызға болысамын деп, 25 жастағы жігітті сыртқа алып шыққан. Екеуінің арасында төбелес басталып, ер адам жас жігітті жерге жыққан. Сосын бірнеше рет басын асфалтьқа ұрған. Куәгерлер оқиға орнына жедел жәрдем шақырды", – делінген ведомство хабарламасында.


Ер адамның үстінен "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Ауруханада жас жігіттің бас сүйек жарақатын алғаны анықталды. Шеке сүйегі сынып, миына зақым тиген екен. Ол алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды.


Кейіннен қаза болған жігіттің Қырғызстан тумасы Болот Атакулов екені анықталды.


Марқұмның бауыры оның денесін Қырғызстанға жеткізу үшін қаржылай көмек сұрап, әлеуметтік желіге пост жариялады.


Болот Атакулов бокстан Кузбасс және Сібір чемпионы, ол сондай-ақ басқа да жарыстарда бірнеше рет жеңімпаз атанған. Соңғы уақыттары жаттықтырушы болып қызмет атқарған.


 




Көрілген: 465    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 02.10.2019, 20:49

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30