Шартарап

Қырғызстанның бұрынғы бас прокуроры үй қамаққа алынды

  • https://www.azattyq.org

    https://www.azattyq.org

Қырғызстанның бұрынғы бас прокуроры Индира Джолдубаева жемқорлық күдігімен үйқамаққа алынды. Ол «қылмыстық топты басқарған Азиз Батукаевты қамаудан заңсыз босату ісі» бойынша күдікке ілінген.


Индира Джолдубаева 2015 жылдың қаңтарынан 2018 жылдың сәуіріне дейін Қырғызстанның бас прокуроры болған. Ал 2011 жылдан 2015 жылдың қаңтарына дейін президент аппаратының сот реформасы бөлімін басқарған.


2013 жылы 9 сәуірде Нарын қалалық соты Азиз Батукаевты қамаудан босатқан. Сот дәрігерлердің «Батукаев айықпас дертке шалдыққан» деген анықтамасына сүйеніп, оны босатқан. Түрмеден шыққан Батукаев Қырғызстаннан шетелге кетіп қалған. Кейін оның ешқандай дертке шалдықпағаны анықталған. Осыдан кейін Қырғызстанда тергеу басталып, бұрынғы денсаулық сақтау министрі Динара Сагынбаева, Нарын облысы прокурорының бұрынғы орынбасары Майрамбек Акматалиев, бұрынғы экс-премьер-министр Шамиль Атаханов, бұрынғы бас прокурор Аида Салянова үйқамаққа алынған. Қорғаныс кеңесінің экс-хатшысы Бусурманкул Табалдиевке іздеу жарияланған.


Қазір қамауда отырған елдің экс-президенті Алмазбек Атамбаевқа да Батукаевты заңсыз босату ісі бойынша айып тағылған.


 azattyq.org




Көрілген: 698    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.08.2019, 17:52

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30