Шартарап

Қырғызстанның бұрынғы президентін ұстау операциясы кезінде 1 адам қаза тапты (видео)

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың резиденциясына жасалған операциядан 1 адам қаза тапты. Тағы 45 азамат жарақат алған.


Айта кетсек, 7 тамыз күні кешкісін Қырғызстанның арнайы жасағы Алмазбек Атамбаевты ұстау бойынша арнайы операция бастаған еді. Ол Атамбаевтің Қой-Таш ауылындағы үйінде жүргізілген болатын.


Осыдан кейін бұрынғы президент оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады. Қырғыз елінің бұрынғы басшысының үндеуі өз бақылауындағы «Апрель» телеарнасында көрсетілді. Онда Атамбаев әскерилерді өз халқына оқ атпауға шақырды.


Бұған қоса, атыстан кінәсіз адамдардың зардап шегуіне байланысты өкініш білдіріп, қазіргі биліктің қатыгездігі таңқалдыратынын жеткізді.


Сондай-ақ үндеу барысында өзін тұтқындауға жол бермей, аман алып қалған адамдарға алғыс айтты.


Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ел парламенті бұрынғы мемлекет басшысына бірнеше айып таққан болатын. Егер олар дәлелденсе, Атамбаев өмір бақи бас бостандығынан айырылуы мүмкін.



24.kz




 




Көрілген: 556    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.08.2019, 10:37

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30