Шартарап

Қырғызстанның бұрынғы вице-премьері ұсталды

  • Тайырбек Сарпашев. Фото: kenesh.kg

    Тайырбек Сарпашев. Фото: kenesh.kg

Қырғызстанның бұрынғы бірінші вице-премьері Тайырбек Сарпашев ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

 

Қырғызстан ҰҚК мәліметі бойынша, бұрынғы бірінші вице-премьер Тайырбек Сарпашев елдің жоғары саяси басшылығымен және "Центерра" канадалық компания өкілдерімен сөз байласып, "Құмтор" кенішінде орналасқан мұздықтардың экологиялық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін қылмыстық әрекеттерді жасады деп айыпталған. Іске қатысты соталды іс жүргізу белгіленген.

 

15 мамырда "Кумтор Голд Компани" кеңселерінде тінту жүргізілді. Қырғызстан МҰҚК басшысы Қамшыбек Ташиев "Құмтор" кенішіне қатысты төрт қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

 

Қылмыстық іске қатысты парламенттің бұрынғы және қазіргі депутаттары Торобай Зұлпықаров, Исхак Пірматов және Талант Ұзақбаев ҰҚКҰ тергеу изоляторына екі айға қамауға алынған. Сот шешімі бойынша бұрынғы премьер-министр Омурбек Бабанов пен парламенттің бұрынғы спикері Асылбек Жээнбеков те қамауда отыр.

 

 

 




Көрілген: 656    Пікірлер: 0

жұма, 18.06.2021, 12:56

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31