Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қырғызстанның жоғарғы соты Садыр Жапаровты ақтап шығарды

20 қазан 2020, 12:48

Бұған дейін қамалып шыққан Қырғызстанның қазіргі премьер-министрі әрі президенттің міндетін атқарушы Садыр Жапаровтың үстінен қозғалған қылмыстық істі жоғарғы сот қайта қарап шықты деп хабарлайды 24.kg.

Елде болған жағдайларға байланысты 16 қазанда сот істі қайта қарады делінген аталған хабарламада.

«Садыр Жапаровтың әрекетінен қылмыстық құрам анықталмай, ол ақталды. Онымен бірге депутат Талант Мамытов пен  Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Камчыбек Ташиев те ақталды», - деп жазды аталған ақпараттық агенттік.
Айта кетейік, Садыр Жапаров, Талант Мамытов және Камчыбек Ташиев 2012 жылы билікті күшпен басып алмақ болды деп сотталған. Кейін Мамытов пен Ташиев жазаларын өтеп, бостандыққа шыққан. Ал, осыдан бірнеше күн бұрын болған митингте халық түрмеде отырған Садыр Жапаровты алып шықты.

Еске салайық, Қырғызстанда өткен парламенттік сайлаудан кейін 5 қазанда халық жаппай наразылыққа шығып, Ақ үйді өртеп жіберген болатын. Күштік құрылымдармен болған қақтығыста 1 адам қаза тауып, 1,2 мыңы жараланды.