Қырғызстанның кеден басшысы сыбайлас жемқорлық күдігіне ілінді

17 қаңтар 2022, 22:24

Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) баспасөз қызметі Әділет Құбанышбековтың ұсталып, тергеу изоляторына тоғытылғаны туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

 

РИА Новости хабарлағандай, арнаулы қызмет "кеден қызметі органындағы басшылық пен құрылымдық бөлімше бастықтарының қатысы бар ауқымды сыбайлас жемқорлық туралы" деректерді қолға түсіре алды. ҰҚМК нұсқасы бойынша, олар "кеден қызметі басшылығының кедендік ресімдеу заңнамасын өрескел бұза отырып, тауарлар импортымен айналысатын жеке компаниялардың мүдделерін лоббилеуді, солайша оларға ұдайы жеңілдік жағдайлар тудыратынын, жүйелі түрде пара алу арқылы тауарларды кедендік әкімшілендіруден жасыру схемаларын пайдаланатындығын айғақтайды.

 

Арнайы қызмет кеден қызметінің басшылығы "мемлекет мүддесін жамыла отырып, нақтысында жекелей баю мақсатында аффилирленген компаниялар арқылы сыртқы экономикалық қызмет субъектілері үшін кеден маңайындағы қызметтерінің құнын негізсіз көтереді" деп мәлімдейді.

 

Аталған фактілерге сәйкес, биылғы жылдың 17 қаңтарында 336-бап, 1-бөлім, "сыбайлас жемқорлық" бойынша қылмыстық іс қозғалды.