Шартарап

Қырсық әйел бұзылған эскалаторға мінем деп аяғынан айырылды (видео)

  • CC0 / fancycrave1

    CC0 / fancycrave1

Қытайдың Харбин қаласында әйелдің аяғы эскалаторға қысылып қалды.


Куәгерлер болған оқиғаны видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Miaopai порталы.


Оқыс оқиға сенбі, 20 шілде күні шаһардағы сауда орталықтарының бірінде болған. Видеодағы кадрдан қытайлық әйелдің эскалатордың тұтқасынан ұстап тұрғанын, ал құтқарушылар эскалаторды бөлшектеп, әйелдің аяғын шығарғалы жатқанын көруге болады.


Істен шыққан экскалатор әйелдің сол аяғын кесіп, оң аяғына зақым келтірген.


Қытайлық әйел ауруханаға жеткізіліп, оған шұғыл түрде операция жасалды, деп хабарлайды AsiaOne.


Зардап шеккен тұрғынның туысқандары эскалатор жұмыс істеп тұрғанын, алайда кенеттен істен шыққанын айтады.


"Ол ешқайда бара алмай қалды", - дейді аяғынан айырылған әйелдің туыстарының бірі.


Оқиға орнында болған бірнеше куәгер эскалатордың істен шыққанын, оған мінуге шектеу қойылғанын атап өтті.


"Ол қоршауды жылжытып тастады. Алайда эскалатор әлі тексеріліп жатқан, оны жақында ғана жөндеген еді", - дейді дүкендердің бірінің иесі.


"Әйелді ешкім тоқтата алған жоқ", - дейді тағы бір куәгер.



Полиция оқиғаның мән-жайын тергеп жатыр.


Sputnik


 




Көрілген: 1394    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.07.2019, 12:09

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30