Қырық секундта 50 кірпішті қолмен ұрып сындырған жігіт жұртты таңғалдырды (видео)

29 қазан 2018, 09:18

Желі қолданушылары бір қолымен бүкіл кірпішті жарып шыққан жас жігіттің өнеріне таңғалды.

Қытайда жиырма жастағы кунг-фу шебері қолымен қырық секундта 50 кірпіштің күл-талқанын шығарды.

Жігіт елдің оңтүстік-батысындағы Бицзе қалалық округінде тұрады.

Видео 23 қазанда түсірілген. Видеоның астында жазба қалдырған желі қолданушылары жас жігіттің қолының күшіне таңғалған.

Бірақ кейбіреулері бар болғаны Қытайда шығарылатын кірпіштің сапасыз екенін алға тартты.

Sputnik