Шартарап

Қытай Clubhouse-ты не үшін бұғаттады

  • Қытай Clubhouse-ты не үшін бұғаттады

    Қытай Clubhouse-ты не үшін бұғаттады

Қытай еліндегі ақпарат цензурасы мемлекет саясатымен тығыз жүретіні мәлім. Дегенмен елдегі мұсылмандардың жағдайы ашық әңгімедегі онлайн жиында қызу талқыға түсті. Шектеу мен бақылау жоқ «бөлмеде» ой мен сөз бостандығы арқылы шындық айтылды.

Қытайдың «қайта тәрбиелеу» лагерлеріндегі жан түршігерлік қылмыстар, соның ішінде электр тоғымен азаптау, аштықта ұстау, ұрып-соғу, топтық зорлау және мәжбүрлі түрде зарарсыздандыру туралы егжей-тегжейлі ашылған мәліметтер Қытайдағы адам құқығының бұзылуына қатысты халықаралық алаңдаушылықты күшейткен болатын.

Бұл туралы ұйғыр этносынан Винира Абдгени есімді әйел аталған жағдайдың расын білдіреді. Дәлелі &ndashтұтқындар арасындағы туыстары. Винира Абдгени үшін мұндай әлеуметтік желі немесе ақпараттық каналдар шындық үшін алғашқы жасаған қадамы емес. Мүмкіндігі болған жағдайда өзінің туған жері Шыңжаңдағы қиянат туралы күмәнданып азаматтарға өз пікірін жеткізуге тырысатынын айтты.

«Өз көзқарасымды білдіру үшін көптеген арнаны қолданып көрдім», - деді Абдгени ханым өзі тұратын Токиодан телефон арқылы сұхбатында. «Сондықтан мен де ашық айту мүмкіндігі болғанын пайдалану керек деп ойладым. Өйткені ешқашан үнсіз қалғым келмейді».

Тыңдарман мүшелерінің арасында қытайлық азаматтар да болды. Олар бұл жағдай үшін бірауыздан кешірім сұрады. Оқиға ел басшылығына жетіп, мемлекет саясатана қарсы ақпарат таралғандықтан желіні толықтай жауып тастайды.

Айта кетейік, Қытайда Youtube, Instagram, Whats` App сынды әлеуметтік желілерге тыйым салынған.

Janerke Baratqyzy




Көрілген: 719    Пікірлер: 0

жұма, 19.02.2021, 19:53

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30