Қытай әскери қорғанысқа бөлінетін қаражатты тағы да көбейтеді

05 наурыз 2022, 10:50

Қытай билігі 2022 жылы ұлттық қорғаныс шығындарын 7,1%-ға – 1,451 триллион юаньға (229 миллиард доллар) дейін арттыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпараттың Қытайдағы меншікті тілшісі.

«Қытайда ұлттық қорғаныс шығындары 7,1%-ға өсіп, 1,451 триллион юаньға (229 миллиард доллар) жетеді. Оның ішінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шығындары 4,7%-ға өсіп, 194,993 миллиард юаньға (шамамен 30,8 миллиард доллар) шығады», - делінген Қытай Үкіметінің баяндамасында.

Айта кетсек, 2021 жылы Қытайдың қорғанысқа бөлінген қаражаты 6,8%-ға өсіп, 1,356 триллион юаньды (200 миллиард доллардан асады) құраған болатын.