Қытай жасанды жатыр жасамақшы

17 мамыр 2022, 08:27

Қытай елінде адам өндіретін жасанды жатыр және эмбрион дайындау өндірісі іске қосылды.

Бұл өндіріс адамзатқа не береді?
1. Әйелдерді бала көтеру, оны тоғыз ай бойы көтеру, толғату, туу машақаттарынан (міндетінен) құтқарады;

2. Адамдар өздерінің талабы бойынша (ұл, қыз, ұлты, түр-түсі, тұлғасы) тапсырыс беріп, сол тапсырыс бойынша дүниеге келген баланың заңды әкесі немесе анасы бола алады. Демек, » Адам өндірісі » арқылы бірден көпбалалы ана болуға да, бойы бес метр, басы он тонналық, үш жүз жыл өмір сүретін бала жасатып алуға да тапсырыс беруге болады-ау, мына түрлеріне қарағанда.

3. Болашақта мұндай өндіріс барлық елдерде қарқынды дамып, адамзат әлемі мүлдем басқаша электронды сипатқа ауысады

Айтпақшы, он сегіз мың ғаламды жаратушы Алланың бұйрығынан тыс ештеңе де болмайтынын ескерсек, мұны да Алланың Адамзатты басқаша сипатқа түбегейлі алмастыру жоспары деп түсінеміз бе, қалай сонда?

Не болса да, болашақта Адам деген жаратылыс өте үлкен өзгерістерге ұшырайтын кезеңге бара жатқанымыз анық.

Ғылым шарықтап дамыған кезде басқа планеталарға да қыдырып барып тұратын кез де келеді.

Сондықтан, ғылым мен техникасы дамыған елдердің шаңына шашалып, осындай көштен қалып, артта қалған
ел болып қала бергеніміз де дұрыс па деп те ойлайды екенсің…

Ақсұңқар АҚЫНБАБА.

(«Фейсбуктегі» жазбасы).