Шартарап

Қытай коронавирустан зардап шеккен дамушы елдерге 2 млрд доллар бермек

  • https://stan.kz/

    https://stan.kz/

Қытай таяу екі жылда коронавирустан зардап шеккен елдерге 2 миллиард доллар көлемінде көмек көрсетеді. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 73-сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде президент Си Цзиньпин мәлімдеді, деп хабарлайды stan.kz.

 

«COVID-19-ға қарсы халықаралық ынтымақтастықты ынталандыру мақсатында Қытай коронавирусқа қарсы күресте және зардап шеккен елдерде, әсіресе, дамушы елдерде әлеуметтік-экономикалық дамуға көмек көрсету үшін келесі екі жылда 2 миллиард доллар береді», - деп мәлімдеді Қытай көшбасшысы.

 

Сонымен қатар, Пекин БҰҰ-мен ынтымақтастықта Қытай аумағында эпидемияға қарсы құралдарды жеткізу тізбегінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жаһандық гуманитарлық қойма мен хаб құрады. Бұл тауарлар жасыл дәліз бойынша кедендік бақылаудан өтеді.

 

«Ұзақ мерзімде әзірленген қытайлық коронавирусқа қарсы вакциналар пайдалануға берілгеннен кейін бүкіл әлемде қолжетімді болады, сондай-ақ, дамушы елдерде вакцинацияның қол жетімділігін қамтамасыз етуге Қытай лайықты үлесін қосады», - деді Си Цзиньпин.

 

ДДСҰ-ның соңғы мәліметтері бойынша, әлемде коронавирус жұқтырудың 4,5 миллионнан астам жағдайы анықталды, 310 мыңнан астам адам көз жұмған.

 




Көрілген: 451    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.05.2020, 01:50

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30