Қытай Орталық Азия елдерімен ынтымақтастыққа қатысты пікір білдірді

08 наурыз 2022, 22:12

ҚХР сыртқы істер министрі Ван И Қытайдың Орталық Азия елдерімен қарым-қатынасы қарқынды дамудың кең перспективасына жол ашатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

2022 жылы Қытай Орталық Азия елдерімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатылғанына 30 жыл толуын атап өтеді. ҚХР сыртқы істер министрі Ван И атап өткендей, қазір бұл ынтымақтастық белсенді дамып жатыр және оның келешегі зор, деп хабарлады "Синьхуа" агенттігі.

 

"Дамушы, өркендеуші, тұрақты және тіршілік етуге қабілетті Орталық Азия Қытай мен өңірдегі басқа мемлекеттердің де ортақ мүддесіне сәйкес келеді", - деді Ван И бүкілқытайлық халық өкілдері жиынының бесінші сессиясындағы баспасөз конференциясында.

 

Оның айтуынша, Қытай Орталық Азия елдерімен бірлесіп, коронавирус пандемиясымен күрес, өндірістік қуат, энергетика, ауыл шаруашылығы, гуманитарлық ынтымақтастық, цифрлық және "жасыл" экономика сынды салаларда ынтымақтастықты арттыруды көздеп отыр.