Қытай Тайвань аралына 20 ұшақ жіберді

06 тамыз 2022, 22:04

Қытай әскери жаттығу аясында Тайваньға қарай 20 ұшақ пен 14 кеме жіберді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы аталған аралдың қорғаныс министрлігі өзінің Твиттердегі парақшасында хабарлады.

 

Өз кезегінде Тайбэй жағдайды бақылау үшін әуе патрулін жіберіп, зениттік-зымыран кешендерін іске қосқан.

 

Естеріңізге сала кетсек, бейсенбі күні Қытай армиясы Тайваньді қоршай ауқымды әскери оқу-жаттығу жиынын бастаған болатын.

 

Жалпы аймақтағы ахуал АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің сапарынан кейін ушығып кеткен еді.

 

Айта кетейік, Тайвань айналасындағы әуе қатынасы 7 тамызға дейін жабық.