Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қытай Тайвань төңірегінде жаңа әскери жаттығулар өткізетінін жариялады

08 тамыз 2022, 15:58

Қытай әскерилері Тайвань төңірегіндегі теңіз және әуе кеңістігінде жаңа әскери жаттығулар өткізетінін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Қытай Халық азаттық армиясының Шығыс майдан қолбасшылығы сүңгуір қайықтарға қарсы және теңіз десанттық операцияларына баса назар аударылған бірлескен жаттығулар өткізетінін мәлімдеді.

Әскери жаттығулардың ұзақтығы мен нақты орны әзірге белгісіз. Бірақ Тайвань аралды қоршап тұрған алты жаттығу аймағына жақын ұшуға шектеулерді жеңілдетті.

Тайвань Қорғаныс министрлігі мәліметінше, Қытайдың әскери кемелері, ұшақтары мен ұшқышсыз басқарылатын ұшақтары аралға нақты шабуыл жасамаған. Бұл ретте Қытай болса тиісті жауап беру үшін ұшақтар мен кемелерді жібергенін мәлімдеген.

Еске салайық, Қытай қарулы күштерінің Тайвань төңірегіндегі алты жердегі оқу-жаттығулары 4 тамызда аралға АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси келгеннен кейін басталған болатын.