Қытай Тайваньдағы алты ауданда әскери жаттығу жариялады

03 тамыз 2022, 08:20

Қытайдың Халық-азаттық армиясы 4-7 тамыз аралығында Тайваньдағы алты ауданда әскери жаттығулар өткізеді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Global Times басылымына сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

"Қытай Халық-азаттық армиясы Тайваньдағы алты ауданда бейсенбіден жексенбіге дейін маңызды әскери жаттығулар мен оқу іс-шараларын, соның ішінде атыс жаттығуларын өткізеді", - делінген хабарламада.

 

 

Еске салайық, 2 тамызда Пелоси ұшағы Тайвань әуежайына қонған болатын.

 

Сондай-ақ, АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Тайваньға келгеннен кейін жазбаша мәлімдеме жасады. Онда аралға сапары "Тайвань демократиясын" қолдаудағы "Американың адалдығы" екенін айтты.