Шартарап

Қытай-Үнді қақтығысынан 20 адам мерт болды

  • © BBC

    © BBC

Үндістан билігі даулы Кашмир аймағындағы Ладах елді мекенінде қытайлық күштермен қақтығыста кемінде 20 үндістандық қаза тапқанын мәлімдеді. Бұл туралы qamshy.kz тілшісі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.

 

Бұл 45 жылдан бергі екі ел арасындағы қақтығыс салдарынан болған алғашқы өлім-жітім.

 

Үнді армиясы бастапқыда үш сарбазы өлтірілгенін айтып, екі жақ та шығынға ұшырғанын жеткізген. Бірақ кейінірек шенеуніктер бірқатар жарақаттанған сарбаздар алған жарақаттарынан қайтыс болғанын мәлімдеді.

 

Үндістанның сыртқы істер министрлігі Қытайды "Галван алқабында нақты бақылау сызығын (LAC) құрметтеу үшін өткен аптада жасалған келісімді бұзды" деп айыптады.

 

– Қызметтік міндетте ауыр жарақат алған 17 үнді әскері жарақаттан қаза тауып, қақтығыс салдарынан көз жұмғандардың барлығы 20-ға жетті,– делінген Үндістан тараптың мәлімдемесінде.

 

Қытай зардап шеккендерді растамады, бірақ Үндістанды " Қытай шекарасын бұзып кірді" деп айыптаған. 




Көрілген: 437    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.06.2020, 10:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31