Шартарап

Қытайда 1 наурыздан бастап интернет пайдаланушыларға бақылау күшейеді

  • Қытайда 1 наурыздан бастап интернет пайдаланушыларға бақылау күшейеді

    Қытайда 1 наурыздан бастап интернет пайдаланушыларға бақылау күшейеді

Қытайда интернет желісін пайдаланушылар мен ғаламтордағы ақпараттарға бақылауды күшейтпек. Бұл туралы сәрсенбі күні жарияланған ҚХР Интернет-ақпарат істері жөніндегі мемлекеттік кеңседегі (ИАМК) құжатта жазылған, - деп хабарлады ТАСС.

Жаңа реттеу қағидасына сәйкес, барлық пайдаланушылар өздерінің шын есімдерін көрсете отырып, шағын блогтар, мессенджерлерде жаңа аккаунттарын тіркеуге міндетті.

Бұдан басқа, интернетте ҚХР заңнамасын бұзатын, ұлттық қауіпсіздік пен егемендіктің беделіне нұқсан келтірген, мемлекеттік билікке күйе жаққан ақпаратты орналастыруға тыйым салынды. Сондай-ақ, алып-қашпа әңгімелер, порнография, экстремизм, сектанттық шақырулар, қорлау мен ғайбат сөздерді таратумен айналысатын пайдаланушылардың есептік жазбалары мәжбүрлі өшірілетін болады.

Бұл шаралар 2015 жылғы 1 наурыздан бастап күшіне енеді.

Қазіргі уақытта қытайлық интернет секторында белгілі адамдар мен ұйымдардың жасанды аккаунттарын жабу науқандары басталып кетті. Дүйсенбі 2 ақпанда ИАМК Бейжіңде жергілікті ірі порталдар ("Сина" /Sina/, "Соху" /Sohu/, "Байду" /Baidu/, "Хэсюнь" /Hexun/) өкілдерінің қатысуымен жиын өткізді. Оларға заң бұзушылыққа жол бермеу қажеттігі ескертілді.

ҚазАқпарат




Көрілген: 1337    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.02.2015, 18:38

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31