Шартарап

Қытайда арты пандемияға ұласуы мүмкін жаңа қауіпті вирус табылды

  • Қытайда арты пандемияға ұласуы мүмкін жаңа қауіпті вирус табылды

    Қытайда арты пандемияға ұласуы мүмкін жаңа қауіпті вирус табылды

 Қытай ғалымдары пандемияға ұласуы мүмкін тұмау вирусының жаңа штамын анықтады. Вирус жақында ғана пайда болды, оның таратушысы шошқалар, бірақ инфекция адамдарға да жұғуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Зерттеушілер вирус одан әрі қозуы мүмкін дейді. Соның салдарынан оның адамнан адамға оңай жұғып, жаңа жаһандық індет тудыруы мүмкін деген алаңдаушылық туындауда.

Ғалымдардың пікірінше, қазіргі кезде жағдай қауіп төндірмесе де, жаңа қоздырғыш адам ағзасына тез бейімделеді, сондықтан да мұқият бақылауды қажет етеді.

Әлемде кездесетін осыған ұқсас вирустың соңғы жаппай эпидемиясы - 2009 жылы Мексикада басталған шошқа тұмауы ауруы. Ондағы өлім-жітім бастапқы болжамдардан төмен болды, өйткені вирус алдыңғы жылдары таралған басқа тұмау вирустарына ұқсас болғандықтан, науқастардың көптеген осал санаттары (негізінен ересектер) оған қарсы иммунитетке ие болды.

Қазіргі вирустың ерекшелігі - басқаларына ұқсаумауы. Ал адамдардың оған қарсы тұруы қабілеті өте төмен немесе мүлдем жоқ көрінеді.

Stan.kz




Көрілген: 556    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.07.2020, 16:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31