Шартарап

Қытайда ата-анасы вакцина алмаған оқушылар мектепке бара алмауы мүмкін

  • Қытайда ата-анасы вакцина алмаған оқушылар мектепке бара алмауы мүмкін

    Қытайда ата-анасы вакцина алмаған оқушылар мектепке бара алмауы мүмкін

Қытайда ата-анасы коронавирусқа қарсы вакцина алмаған оқушыларға мектепке баруға тыйым салынуы мүмкін. Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономия ауданының (ГЧАА) бірқатар елді мекенінде жаңа оқу жылы қарсаңында осындай шаралар қабылданбақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚХР ГЧАА Гуйпин және Пинлю қалаларының әкімшілігі орта және жоғары мектеп оқушыларының ата-аналарына коронавирусқа қарсы екпені мүмкіндігінше тезірек алу талабы қойылған хабарламаны жария етті.

Кімнің ата-анасы вакцина салдырмаса, ол оқушыларға жаңа оқу жылында мектепке баруға рұқсат етілмейді.

Осыған ұқсас талаптар жаңа оқу жылы қарсаңында Хэнань және Шэньси провинциясының бірнеше елді мекенінде де жарияланды.

Бұған дейін ҚХР Денсаулық сақтау ісі жөніндегі мемлекеттік комитет хабарлағандай, өткен сейсенбі күні құрлықтық Қытайда жаңа коронвирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1,4 млрд дозасы салынған.

Өткен тәулікте Қытайда COVID-19 жұқтырудың 36 расталған жаңа жағдайы тіркелді, оның барлығы шетелден «әкелінген».

Соңғы ресми мәліметтерге сәйкес, құрлықтық Қытайда коронавируспен ауырған науқастардың 94,38% жазылған. 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап елде коронавирусқа шалдыққандардың саны 92 мыңнан асты.

Өлім көрсеткіші – 5,32% (коронавирустан 4636 көз жұмған).




Көрілген: 616    Пікірлер: 0

жұма, 16.07.2021, 10:39

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қыркүйек, 12:32
    Әлемде эпидахуал қандай?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30