Шартарап

Қытайда балаларға үш жастан бастап вакцина салынатын болды

  • Қытайда балаларға үш жастан бастап вакцина салынатын болды

    Қытайда балаларға үш жастан бастап вакцина салынатын болды

Қытайдың бес аймағында коронавирусқа қарсы екпені үш жастан бастап салуға шешім қабылданды. Билік органдарды жақын арада вакциналау шараларының басталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Apnews.com.порталына сілтеме жасап.

Қытайда балаларға үш жастан бастап екпе салуға шешім қабылданды. Себебі, балалар үш жастан бастап балабақшаларға бара бастайды. Инфекцияның күшейіп кетпеуі үшін осындай шаралар қабылданып отыр. 

 
Ресми мәліметтерге сүйенсек, бүгінде Қытайда халықтың 76 процентіне вакцина салынған.

Алайда ел билігі бұл көрсеткіш коронавирусты толығымен жеңуге жеткіліксіз деп санайды. Қытайда 1,4 миллиард тұрғын бар. Осы уақытқа дейін 1,07 миллиарды коронавирусқа қарсы вакциналаудан өтті. 

Алдағы уақытта үш жасқа толған балаларға Қытайдың өзінде жасалған Sinopharm және Sinovac салынады. Бұл екпелер бүлдіршіндерге де егуге арналған. Алайда бұған дейін он екі жасқа толған балаларға және ересек адамдарға коронавирусқа қарсы екпе салынып келген. Қытай билігі қатаң шаралардың арқасында ғана өңірлерде өршитін коронавирусты тоқтатуға болады деп санайды.

Сондай-ақ, Қытай шетелдіктер салдарынан "дельта" штамының таралуына алаңдап отыр. Осыған байланысты саяхатшылар арасында кеңінен танымал провинциялардың бірінде туристік нысандардың бәрін жабуға шешім қабылданған.

Ал кейбір аудандарында тұратын адамдарға далаға шығуға тыйым салынды. Себебі осы аймақта коронавирус инфекциясы өршіп тұр.




Көрілген: 473    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.10.2021, 16:15

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31