Шартарап

Қытайда "Қара жорға" билеген дәрігердің кім екені белгілі болды (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Қытайда "Қара жорға" билеп, танымал болған қазақ дәрігерінің кім екені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.

 

Бахаргүл Толқын телеарна тілшілеріне берген сұхбатында үйіне оралғанын айтқан. Ол - Шыңжаңның тумасы.

 

Хируг-дәрігер екі ай бойы, ең қауіпті ошақ Уханда болып, науқастарды емдеуге көмектесіпті. Білікті маман қатерлі дертпен күресе жүріп әдемі биімен емделушілердің көңілін көтерген еді.

 

Дәрігермен қауышуға туған-туыстары ғана емес, көрші-қолаңдары да жиналып, ыстық ілтипатын білдірген. Құшағы гүлге, жүзі нұрға толған дәрігердің құрметіне қазақтың игі дәстүрімен шашу шашылды. Мәре-сәре болған жұрт "Қара жорғаны" тағы бір мәрте биледі. Қарсы алуға келген өзге ұлт өкілдері де қазақтың биін билеуден қалыс қалмапты.

 

Баһаргүлдің отбасын көрмегеніне 3 айға жуықтаған. Ата-анасын, жолдасын, әсіресе ұлын қатты сағынғанын айтады. Індетті жеңіп, үйіне аман-есен оралған сәті кең дастархан басында жалғасты. Бауырсақ, құрт, қазы-қарта, шұжық. Қандастарымыз жырақта жүрсе де, қазақтың дәстүрін ұмыт қалдырмапты.

 

"Ухан халқына көңіл бөлуін білдірттім. Өзім қазақ болғаннан кейін, халық биі "Қара Жорғаны сол жерде билеп бердім. Ухан халқы ішінде жатқан науқастар сондай жақсы көрді. Сіздер өздеріңізді өздеріңіз жігерленіп осындай көңіл күйде болсаңыз ауруды жеңесіз деген ойда болдым", - дейді ол.

 

Баһаргүл екі айға жуық ең қауіпті ошақ Уханда болып, дәрігерлік міндетін атқарып келді. Туған өлкесі Шыңжаңға оралғанымен, сақтық үшін тағы 20 күн карантинде болды. Дәрігердің айтуынша, қазір Ухандағы жағдай тұрақталған. Тіпті ауруханада вирус жұқтырған бірде-бір науқас қалмапты.

 

"Алаңда қорқыныш болады. Бірақ, міндетім болғаннан кейін барғаннан кейін бір ойым осы кісілерді жазып, өзімнің қызметімді жақсы істеп келу осындай ой болды. Сол кездегі науқастар жазылып, алды жұмысқа шығып кетті. (...) Қазақстан халқына айтатыным біріншісі үйден шықпау, екіншісі үйден шыққасын маск тағу. Үшіншіден өзіңізді өзіңіз жақсы ұстап, көңіл күй жақтан таймау керек, төртіншісі көптеген етті жеп, сүтті ішіп, айран ішіп, жақсы тамақтардан жеп дененің ауқатын жақсы қылу. Біз сіздер мына күрделі вирустан тезірек жеңуін тілек етеміз", - дейді Бахаргүл Толқын.

 

ВИДЕО:  www.youtube.com/watch




Көрілген: 513    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.04.2020, 11:27

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30