Шартарап

Қытайда карантинге алынған қонақүй опырылып түсті

  • Қытайда карантинге алынған қонақүй опырылып түсті

    Қытайда карантинге алынған қонақүй опырылып түсті

 Қытай билігі елдің шығысындағы Фуцзянь провинциясында қонақүй ғимаратының қирауы салдарынан төрт адам мерт болғанын мәлімдеді. Синьхуа агенттігіне сілтеме жасаған ҚазАқпараттың хабарлауынша, қаза тапқандар саны өсуі мүмкін. 28 адам қонақүй үйіндісінің астында қалып қойған.

Үйінді астынан құтқарушылар 43 адамды шығарған. Цюаньчжоу қаласының Личэн ауданындағы Синьцзя қонақүйі шамамен 7:15-те қираған. 71 адам үйінді астында қалған. Ғимаратта жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ғимараттың қожайыны полиция бақылауына алынған. Қираған қонақүй 2013 жылы салынған. 2018 жылы ғимарат 66 бөлмесі бар қонақ үй болып қайта жасалған. BBC агенттігінің хабарлауынша, қонақүй коронавирус жұқтырған науқастармен байланыста болған адамдарды ұстап отыру үшін пайдаланылған. Ғимаратта болған 71 адамның 58-і карантинде болған. Жергілікті өрт күзеті басқармасы оқиға орнына 200 өрт сөндірушіні сондай-ақ Фуцзянь провинциясы 11 іздеу-құтқару тобын жіберген. Төтенше жағдайлар министрлігі жұмыс тобын құтқарушыларға көмектесуге және қирау себептерін анықтауға Цюаньчжоуға бағыттады. Министрлік зардап шеккендерді құтқару үшін барлық күшті жұмсауға шақырды және болашақта осындай жағдайлардың алдын-алу керектігін атап өтті. Барлық құқықтар сақталған.

turkystan.kz




Көрілген: 645    Пікірлер: 0

жексенбі, 08.03.2020, 18:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қыркүйек, 08:51
    Қауіпті маса пайда болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30