Шартарап

Қытайда коронавирустың емі табылғаны хабарланды

  • © Xinhua

    © Xinhua

"Фавипиравир" препараты жаңа коронавирус тудыратын пневмонияны емдеуде тиімді болып шықты. Бұл туралы ҚХР Ғылым және техника министрлігі жанындағы биотехнология орталығының басшысы Чжан Синьминь мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Синхуаға" сілтеме жасап.

 

Қытай Денсаулық сақтау өкілінің айтуынша, препаратты қабылдаған пациенттер тезірек емделіп, олардың өкпесі қалпына келіпті.

 

Оңтүстік Гуандун провинциясының Шэнчжэн қаласындағы ауруханалардың бірінде коронавирусы бар 80 пациенттің 35-і препарат қабылдаған. Төрт күннен кейін коронавирусқа тестілер теріс нәтиже көрсеткен, ал қалғандарының жағдайы орташа есеппен 11 күннен кейін түзелген. Тағы бір ұқсас зерттеу Ухан ауруханасында жүргізіліпті.

 

"Авиган" деген де атауы бар "Фавипиравирді" тұмауды емдеу үшін Fujifilm Holdings жапон корпорациясы әзірлеген. Ол сондай-ақ Эбола безгегіне қарсы қолданылған. Препараттың жағымсыз әсері 2014 жылдан бастап тіркелмеген, сол жылы оның сатылымы Жапонияда мақұлданған еді.

 




Көрілген: 283    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.03.2020, 08:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қыркүйек, 08:51
    Қауіпті маса пайда болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30