Шартарап

Қытайда коронавирустың жаңа эпицентрі анықталды

  • Қытайда коронавирустың жаңа эпицентрі анықталды

    Қытайда коронавирустың жаңа эпицентрі анықталды

Қытайда өткен тәулікте COVID-19 коронавирусын жұқтырған 118 жаңа жағдай анықталды. Оның ішінде 106 оқиға ел ішінде тіркелген. 

Бұл туралы ҚХР Денсаулық сақтау мемлекеттік комитетіне сілтеме жасай отырып іnterfax.ru хабарлады.

Коронавируспен байланысты аурулардан өлім-жітім тіркелген жоқ. Жексенбіде 109 жаңа инфекция табылды. Ел ішінде - 93, қайтыс болғандар жоқ.

Комитеттің хабарлауынша, дүйсенбіде ішкі инфекциялардың жаңа эпицентрі Қытайдың солтүстік-шығысында орналасқан Цзилин провинциясы болды. Онда ауру жұқтырғандар саны артқан. 

Кеше 43 жаңа оқиға анықталды. Ал өткен аптаның жексенбісінде тіркелгендер саны - 30.

Бұрын ең ауыр жағдай елдің шығысындағы Хэбэй провинциясында байқалған еді. Соңғы тәулікте Хэбэйде 35 жаңа жағдай анықталды (барлығы Шицзячжуан провинциясының әкімшілік орталығында). Ал бірнеше күн бұрын 54 жаңа инфекция тіркелген (52-сі - Шицзячжуаннан).

Бейжің Хэбэй аумағында орналасқандықтан, қолайсыз эпидемиологиялық жағдай қалыптасқан провинция аудандарының тұрғындарына ел астанасына кіруге шектеулер қойылды. 

Айта кетейік, бұған дейін Оңтүстік Африка республикасында коронавирус инфекциясының күннен-күнге өршіп бара жатқаны хабарланған болатын.


BAQ.KZ




Көрілген: 358    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.01.2021, 18:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28