Шартарап

Қытайда мектеп оқушыларының формасына бақылау чиптері қойылды

  • Қытайда мектеп оқушыларының формасына бақылау чиптері қойылды

    Қытайда мектеп оқушыларының формасына бақылау чиптері қойылды

Қытайдың Чжухай қаласындағы бастауыш мектептердің бірінде эксперимент ретінде оқушылардың формасына микрочиптер қойылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Цифрлық форманың бұл түрі мұғалімдер мен ата-аналарға балалардың қозғалысын бақылауға және оқушының асханада немесе дәретханада қанша уақыт өткізгенін нақты білуге мүмкіндік береді. Егер бала қауіпті жерде болса, жүйе ересектердің ұялы телефонына сигнал жіберетін болады. 

 Жаңалықты тек жақсы жағынан қабылданған жоқ. Кейбір ата-аналар жүйені электронды білезік көмегімен бақыланатын қылмыскерлермен салыстырды. 

Қытай бейнебақылау камераларын қою бойынша көшбасшы ел саналады. Кейбір мектептерде камералар сыныптың ішіне қойылған. Бұл арқылы оқушылардың сабаққа қатысып отырғандарын, сондай-ақ олардың оқуға қаншалықты зейін қоятындарын бақылауға болады. 


Бұған дейін Қытай билігі кәмелетке толмағандардың видео ойындарын ойнауға кететін уақытын қысқартқан болатын. Енді 18 жасқа дейінгі балалар аптасына үш сағаттан артық ойын ойнауына болмайды. 




Көрілген: 969    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 27.09.2021, 11:54

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30