Шартарап

Қытайда миллион тұрғыны бар қала карантинге жабылды

  • Қытайда миллион тұрғыны бар қала карантинге жабылды

    Қытайда миллион тұрғыны бар қала карантинге жабылды

Қытайдың солтүстік-батысындағы Ланьчжоу қаласында (Ганьсу провинциясының әкімшілік орталығы) коронавирустың өршуіне байланысты қатаң карантин жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Синьхуа" агенттігіне сілтеме жасап.

Қалада такси және қоғамдық көлік жұмыс істемейді. Теміржол вокзалында жетпіске жуық рейс уақытша тоқтатылған. Олардың қатарында Пекин мен Сиань қалаларына бағытталған рейс те бар.

 
China Southern Airlines әуе компаниясының өкілі журналистерге Пекин мен Ланьчжоу арасында әуе рейсінің де тоқтатылғанын айтты. Үкімет әзірге әуе тасымалының қай кезде қайта басталатынын хабарламады. 

25 қазанда Ганьсу провинциясында 51 COVID-19 жұқтыру жағдайы тіркелді. Ал Ланьчжоуда алты жағдай анықталған. 18 қазаннан бастап әкімшілік орталықта 39 жағдай тіркелген. 

17 қазаннан бастап Қытайдың 11 провинциясында жүзден аса коронавирус жұқтыру дерегі анықталған. Вирустың өршуін "дельта" штаммымен байланыстырады. Қытай билігі қазіргі уақытта коронавирус жұқтырғандарды жедел оқшаулап, елде инфекция тарауын тоқтатуға тырысып жатыр. Сонымен қатар үкімет нұсқаулығын орындамаған азаматты қызметінен шектетеді немесе түзету жұмыстарымен жазалайды. 




Көрілген: 299    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.10.2021, 10:35

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31