Шартарап

Қытайда онлайн-трансляция арқылы өтетін интернет-сауда қарқын алды

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Қазірдің өзінде 300 миллионнан аса тұрғын өзіне қажетті тауарды тікелей эфирде сатып алатын көрінеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Сауда көркін эфирде қыздыру осыдан бірнеше жыл бұрын бастау алған. Алайда коронавирус пандемиясы тұсында кәсіптің бұл түрі қыза түсті.

 

Линь Мэнъяо бір жыл бойы осы кәсіппен айналысып келеді. Күн сайын ол сағат төрттен сегізге дейін жұмыс істейді. Тікелей эфирге өз пәтерінен шығып, ондаған компанияның тауарын ұсынады.

 

«Әсіресе, тағамдар жақсы өтеді», дейді. Линь Мэнъяо, интернет-дүкенде онлайн-трансляциялардың жүргізушісі:

 

- Тікелей эфирде осы тағамдардың дәмін тату жұртқа ерекше әсер етеді. Бағасы да онша қымбат емес. Сол себептен біреудің жеген тамағына қызығып, бірден сатып алады.

 

Опа-далапқа да сұраныс жоғары. Ең қиыны аяқ-киім мен киім сату екен. Тіпті осындай жүйемен пәтер мен автокөліктер де сатылады.

 

Пандемияның кесірінен дүкендер қаңырап бос тұр, көбі сауданың осы түріне көшті.

 

Соңғы бірнеше жылда тікелей эфирде бір жарым триллион долларға тауар сатылыпты.

 

Чжан Юйчэнь, сауда компаниясының президенті:

 

- Бұрын бүкіл саудамыз дүкендерде жүретін. Онлайн сауданы осыдан бірнеше жыл бұрын бастадық. Өткен жылдың екінші жартысында сауда көлемі күрт өсіп кетті. Биыл алғашқы жарты жылда да кәсібіміз өрлеп, 45%-ке артты. Осылайша, компаниямызда онлайн-сатылымдар үлесі 26% құрады.

 

Бұл саланың өз жұлдыздары да бар. Мәселен 34 жастағы Вэй Яны «тауарлар патшайымы» деп те атайды. Оның трансляцияларын 60 милионнан астам адам көреді. Былтыр бойдақтар күніне ол 450 миллион долларға тауар сатқан болатын.

 

Вэй Я стримингпен қатар қайырымдылықпен де айналысады. Коронавирустан қатты зардап шеккен Хубэй провинциясының пайдасына 37,5 миллион доллар тапты. Сол кезде көптеген стримерлер бұл өңірге көмектескен болатын.

 

Линь Мэнъяо, интернет-дүкенде онлайн-трансляциялардың жүргізушісі:

 

- Ухань өңіріне жәрдем беру бойынша арнайы жоба қолға алынды. Хубэй провинциясының тауарларын тікелей саттық. Бұл жергілікті тұрғындарға ақша табуғы мүмкіндік берді.

 

Соңғы мәліметтер бойынша Қытайда интернетті 900 миллион адам қолданады. Оның 750 миллионы ұялы телефон көмегімен тауар сатып алады екен.

 

Ал қазір Қытайда экономиканың өсуін қамтамасыз ету мақсатында тұтынушылық салаға екпін жасап келеді. Сондықтан онлайн саудамен бірге тікелей эфирде тауар сату да қарқынды дамитын түрі бар.




Көрілген: 304    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 26.10.2020, 09:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30