Шартарап

Қытайда шұғыл жиын өтті. 14 дәрігер коронавирустың жаңа түрін жұқтырған

  • © gorod48.ru

    © gorod48.ru

Қытайда 14 дәрігер коронавирустың жаңа түрін жұқтырған, - деп хабарлайды РИА Новости.

20 қаңтардағы жағдай бойынша, Уханьда 218 адам, Бейжіңде 5 адам, Шанхайда бір адам, Гуандун провинциясында 14 адам осы вирусты жұқтырған.

Басылымның мәліметінше, вирус Қытай аумағынан тыс жерлерде тарап жатыр. Мысалы, Оңтүстік Корея, Жапония мен Тайланд елдерінде.

Сарапшылардың сөзіне сенсек, коронавирус адамнан адамға жұғатын вирус.

"Гуандун провинциясында екі жағдай тіркелді. Вирус жұқтырғандардың өзі Уханьға бармаған, тек отбасы мүшелері барып қайтқан. Салдарынан олар вирус жұқтырып келіп, отбасының өзге мүшелері ауырып қалған. Сондықтан дәл қазір бұл вирустың жұқпалы екенін айтуға болады", - деді денсаулық сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік комитеттің төрағасы Чжун Наньшань.

Еске салайық, кейбір дереккөзздер бастапқыда мұны пневмония деп айтса, жергілікті дәрігерлер оны жоққа шығарған болатын. Дегенмен Қытай мұның жалпыұлттық эпидемия болып кетуінен қауіптенеді.

Дәл қазір Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары елдегі жағдайды бақылап отыр.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, Гонконг, Тайвань, Сингапур елдерінде қауіпсіздік мақсатында эпидемиологиялық бақылау күшейтілді.

 Тengrinews.kz




Көрілген: 502    Пікірлер: 0

сейсенбі, 21.01.2020, 09:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қыркүйек, 08:51
    Қауіпті маса пайда болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30