Қытайды қымбатшылық жайлады

12 мамыр 2022, 13:59

Әлемді қымбатшылық жайлап барады. Сәуірде Қытайдағы тұтынушылық инфляция 2% өсті, деп хабарлайды «Хабар 24».
 Әлемді қымбатшылық жайлап барады. Сәуірде Қытайдағы тұтынушылық инфляция 2% өсті. Бұл соңғы жарты жылдағы ең үлкен көрсеткіш, дейді tengenomika сарапшылары. Өткен айда елде енгізілген қатаң локдаундарға байланысты азық-түлік қатты қымбаттады. Мысалы, Қытай Ұлттық статистика бюросының мәліметінше,  жаңа піскен көкөністердің құны сәуірде 24%-ке көтерілген. Сондай-ақ жанармай 28% қымбаттады. Тұтынушылық бағалар индексіне кіретін тауарлардың ішінде ең жылдам өскен жанармай құны. Осылайша ковидпен күрес және Украинадағы соғыс Қытай инфляциясын да біршама үдетті.  Алайда ол болжаған 3%-тің айналасында тұр.