Шартарап

Қытайды «Мақтамен бауыздаған» кімдер?

  • https://abai.kz/

    https://abai.kz/

Көктемнің алғашқы айы Қытайлықтардың отаншылдық рухы тасқындаған ай болып тарих бетіне енді. Наурыздың он сегізінде өткен Аляска кездесуінде Қытай сыртқы істер ведомства басшысы Америка өкілдерінің алдында дипломатикалық этикадан аттап, тоқтамай он жеті минут сөйледі. Оның бұл әрекеті ел ішінде Қытайдың құдіреттенгенінің көрінісі ретінде бағаланды. “Демократия АҚШ тың өлшемімен таразыланбайды”, “Қытайлықтар ендігары сенің малтаңды малданбайды” деген мағынада айтқан сөздерін патриот жастар киіміне оюлап жапсырып алды. Ел сыртында АҚШ пен Евроодақтың санкциясымен, қатқыл жауабымен аяқталды.

 

Бас кеңсесі Женевада орналасқан Швецияның «Сап мақтаны дамыту халықаралық ұйымы»(BCI) 2020 жылы қазанның 21 күні Трамп билігінің кісілік құқыққа қол сұғушылық пен мәжбүрлі еңбек фактісі анықталғанын алға тартып, СУАР мақтасынан өндірілген өнімдерді Америка нарығына енгізуге тиым салуына байланысты СУАР мақтасына сертифікат беруден бас тартатын жариялайды. Ол ұйыммен серіктес көптеген әлемдік брендтер Швейсцарияның H&M ы, Американың Nike сы, Германияның Adidas ы, Жапонияның Uniqlo сы бұл шешімге қосылатынын жеткізеді. СУАР шенеуніктері мен ұйымдарына салынған жаңа санкцияға байланысты жоғардағы ұйым(BCI) биылғы наурыздың жиырма бірі күні былтырғы шешімін тағы да қайталайды.

 

Англия ,Пакыстан, Индия, Қытайда өкілдіктері орнласқан, құрамына әлемнің төрт жүзге тарта мақта өндіру, өңдеу, сату саласындағы заңдық тұлғалары кіретін ұйымның шешімі Қытай тарапын қатты әбігерге салғаны айтпасада түсінікті. Қытай мақта көлемінің сексен бес пайызын , дүние жүзі мақта көлемінің бестен бірін ұстайтын СУАР мақтасының әлем нарығынан ығыстырылуы Қытай билігі мен бұқарасының шамына тиді. Бұлар “Асымызды ішіп, аяғымызға түкірді” - деп жұлқынды. Әлемдік  брендтерді өртеген, кескілеген видеоларын желіге салып, жаппай наразылықты бастады. Олардың қатарына жұлдыздар да қосылып, атақты компаниялармен жасасқан келісім шарттарын күшінен қалдырды. Көздерінің тұманданғаны соншалық Қымбатқа бағалап сатып алған Lining қатарлы өз брендтерінің артында шетелдіктер тұрғанын білген соң “Сатқын” деп сыбады. Қолына екі жүз жылдың алдындағы қолмен мақта терып жүрген Америкалық негр мен техникаға отырып мақта орып жүрген Қытайлықтың фотосын салыстырып СУАРда мәжбүрлі еңбек жоқ екенін дәлелдеуге тырысқан СІМ баспа сөз хатшысы Хуа Чуньинге де соқтықты. Оның теннис ойнап түсен суреті желіде талқаға түсіп, басынан аяғына дейін шетел маркасын кигенін айыптап, “Сенген қойым сен болсаң,....” дегенге дейін барды. Көп өтпей  мемлекеттік ақпарат құралдары жініккен  жұртты сабырға шақырып, көзсіз әрекеттерін тоқтатуға үндеді. Оның себебін отаншылдардың арасына жат ниетті адамдардың кіріп алғанымен түсіндірді. Қытайдың мақта қауымдастығы шетелдік әріптестерін дақпыртқа сенбей, СУАРға келіп жағдайды өз көздерімен көріп қайтуға шақырды. Іс жүзінде оның экономикалық мүдеден туындағаны белгілі. Қытайдың тоқымашылық өнеркасібі елдің жұмыс күші тығыз шоғырланған, екінші экспорт саласы екенін ескерсек мақта дауының ел экономикасына әкелетін зардабының ауыр болатынын болжай беруге болады.

 

Жалпы Қытайдың халықаралық позциясының өзгеруін сарапшылар мәдени жақта 2008 жылғы олимпияда ойындарын сәтті ұйымдастырумен, экономикалық жақта 2010 жылы ішкі жалды өнім көлемі 5.75 триллион АҚШ долларына жетіп, Жапонияны(5.39 триллион) басып озуымен байланыстырады. Бұл жетістіктер Қытайлықтардың мерейін асырған. 2019 жылы Kанада үкіметінің «Хуавей» компаниясының қызын тұтқындауына жауап ретінде “Ел аумағында заңсыз жұмыс істеді” деген желеумен Kанаданың екі азаматын саяси барымтаға алғаны белгілі. Қатал  деген Путинның өзі тілші сұрағына жауап бергенде Қытайдың бұл қадамын құптамайтынын айтқан еді. Демократияшыл сарапшылар Қытай сыртқы саясатының ескі жолдан ауытқып, қасқырлық сипат алуын 2017 жылы Қытайдың іші сыртында ерекше қарсы алуға ие болған « Соғыс арланы2» киносының ықпалымен түйістіреді. Отаншылдықты дәріптейтін аталмыш кинода запастағы Қытай солдатының саяси төңкеріс орын алған Африка еліндегі қандастарын құтқару әрекеті баяндалады.

 

Мақта дауы аз болғандай күні кеше ғана батыстың жүз сексенге жуық адам құқын қорғайтын ұйымдары әлем елдерін 2022 жылы Қытайда өтетін қысқы олимпияда ойындарына байкот жариялауға үндеуде. BCI ұйымы сияқты екі оттың ортасында қалған халықаралық олимпияда көмитеті спортты саясиландырмауға шақыруда. Канада мен Европа елдері бұл мәселені қарап жатқанын айтса, Байден билігі де одақтастарымен ақылдасып шешетін емеурін білдіруде. Мейлі қандай жағдай орын алмасын, Қытайдың Африкалық достары мен Қазақстан бастаған мұсылман елдері қасынан табылары анық.

 

 

 

Есбол Үсенұлы

Abai.kz




Көрілген: 492    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.04.2021, 19:56

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31