Шартарап

Қытайдың компаниясы коронавирусқа қарсы вакцинаны тіркеуге өтініш берді

  • Қытайдың компаниясы коронавирусқа қарсы вакцинаны тіркеуге өтініш берді

    Қытайдың компаниясы коронавирусқа қарсы вакцинаны тіркеуге өтініш берді

Қытайдың Sinopharm фармацевтика компаниясы ҚХР-дың азық-түлік пен дәрі-дәрмекті бақылау мемлекеттік басқармасына COVID-19-дың алдын алатын вакцинаны тіркеуге өтініш берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Sinopharm жаңа коронавирус инфекциясының алдын алу үшін екі инактивтелген вакцина жасап шығарды. Олар Қытайдан бөлек Перу, Иордания, Мысыр, Аргентина, Біріккен Араб Әмірліктері және басқа да елдерде клиникалық сынақтың үшінші кезеңінен өтіп жатыр.

Халықаралық сынақтың үшінші фазасына 60 мың ерікті қатысып, олардың 40 мыңнан астамына екі инъекциядан салынды. Sinopharm сынақтың қорытынды кезеңіне қатысты ешқандай мәлімет бермегенімен, Қытай билігі келесі жылдың шілдесінде компанияның екі экспериментті вакцинасын шұғыл жағдайда қолдануға рұқсат берді.

Sinopharm басшылығының айтуынша, вакцина қауіп тобындағы 1 млн адамға салынып үлгерген.

«Шұғыл пайдалануға келер болсақ, біз бір миллионға жуық адамға вакцина ектік, бірақ қауіпті жанама әсері туралы бірде-бір хабар алмадық, тек жеңіл симптом ғана байқалған», - деді Sinopharm бас директоры Лю Цзинчжэнь.

Sinopharm компаниясы 2020 жылдың соңына дейін 100 млн доза вакцина шығаруды, ал келесі жылы өндіріс көлемін 1 млрд дозаға дейін арттыруды жоспарлап отыр.




Көрілген: 540    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.11.2020, 10:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31