Шартарап

Қытайдың оңтүстік-батысында «дельта» штаммының таралуына байланысты локдаун енгізілді

  • Қытайдың оңтүстік-батысында «дельта» штаммының таралуына байланысты локдаун енгізілді

    Қытайдың оңтүстік-батысында «дельта» штаммының таралуына байланысты локдаун енгізілді

Қытай-Мьянма шекарасына жақын орналасқан Жуйли қаласының билігі коронавирустың «дельта» штаммы таралуына байланысты локдаун жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жуйли қаласының (Юньнань провинциясы, Оңтүстік-Батыс Қытай) әкімшілігі осы аптада қалаға кіріп-шығатын барлық жолды жауып, үйде оқшаулану режимін енгізді.

Қатаң карантин шаралары енгізілді, коммерциялық кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер, мектептер мен техникумдар жабылды. Супермаркеттер мен дәріханалардың жұмысы тоқтатылды. Жергілікті тұрғындарға үйде оқшаулануға шешім қабылданды, азық-түліктер үйге жеткізілетін болады.

Жуйли қаласында және оның маңындағы елдімекендерде коронавирус жұқтыру жағдайларының көпшілігі «сырттан әкелінген». Жуйлиде Мьянмамен трансшекаралық сауда жүргізіледі. Осыған байланысты билік шекаралық бақылау шараларын күшейтті.

Мьянмамен шекаралас Қытайдың Жуйли қаласында коронавирустың өршуі осымен төртінші рет болып отыр, соңғысы осы жылдың наурыз айында болған еді. Үшінші рет Жуйли қаласында коронавирустың таралуына байланысты толық локдаун енгізілді.

Жұма күні Қытайдың Денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің хабарлауынша, өткен тәулікте материктік Қытайда коронавирусты жергілікті жұқтырудың 8 жаңа жағдайы анықталды, барлығы Юньнань провинциясынан.




Көрілген: 692    Пікірлер: 0

жұма, 09.07.2021, 10:46

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қыркүйек, 12:32
    Әлемде эпидахуал қандай?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30