Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қытаймен көршілес жатқан Үндістан маска режиміне қайта оралды

23 желтоқсан 2022, 10:30

Үндістан билігі азаматтарды қайтадан ковидтік шектеулерді сақтауға, соның ішінде бетперде киюге шақырады. Көршілес Қытайдағы жағдайлардың өршуі Үндістан билігін алаңдатып отыр, деп хабарлайды Azattyq Ryhy тілшісі ВВС ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

 
Соңғы апталарда, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, Бейжіңде және Қытайдың басқа қалаларында ауруханалар толып қалған. Бұл барлық елде COVID-19-дың жаңа толқынына қатысты алаңдаушылық туғызып отыр.

Қытай билігі бұл жағдайдың салыстырмалы түрде төмен екенін айтқанымен, ДДСҰ Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Майкл Райн Қытайдағы реанимация бөлімшелері тез толып жатқанын мәлімдеді.

Қытай алғаш рет елге шетелдік вакцинаны әкелуге рұқсат берді. Сәрсенбіде Қытайға неміс Pfizer/BioNTech бірінші партиясы келді.

«Сақтық шарасы»

Ресми мәліметтерге сәйкес, қазір Үндістанда коронавирус жұқтырудың 3400 жағдайы тіркелді және ел билігінің Қытайдан айырмашылығы, аурудың төмендеуі байқалатынын және дүрбелеңге себеп жоқ екенін хабарлады.

Үндістанның Денсаулық сақтау министрі Мансух Мандавия үкімет вирусты болдырмаудың жаңа жолдарын қарастырып отырғанын және Үндістан штаттарының билігіне Денсаулық сақтау министрлігі аккредиттеген зертханада ковидке оң нәтиже берген барлық пациенттің ақпаратын жіберуді ұсынды.

Үндістандықтарды қайтадан қашықтық сақтауға, бетперде киюге, қолды жиі жууға және вакцинаны күшейтуге шақырды, оны билік сақтық шара деп атайды.

Үндістан әуежайларындағы халықаралық рейстерде ковидке іріктеу сынақтары жүргізіле бастады, дегенмен әуе тасымалы ережелерін өзгерту туралы ресми хабарламалар әлі болған жоқ.