Шартарап

Қыздарды жөнге салмақ болған ер адам ажал құшты

  • © AP Photo / Marcelo Ruiz

    © AP Photo / Marcelo Ruiz

Ресейдің Саратов қаласында 23 жастағы қызға өзіне ескерту жасаған кісіні өлтірді деген айып тағылды. Бұл туралы Тергеу комитетінің өңірлік басқармасының сайтында айтылған.


Оқиға 15 маусымға қараған түні болыпты. Тергеу мәліметінше, бір топ қыз-келіншек тәулік бойы істейтін дүкенге кіреді. Олардың бірі бос темекі қорабын жерге тастай салған, сол кезде бір кісі ескерту жасап, екеуі сөзге келіп қалады.


Даудың арты көшедегі жанжалға ұласып, қыздар 27 жастағы ер азаматты ұрып-соға бастайды. Төбелес кезінде біреуі жігіттің арқасына пышақ сұғып алған.


Жарақат алған жігіт ауруханаға жатқызылғанымен, дәрігерлер өміріне араша түсе алмады. Арқасына сұғылған пышақ өкпесіне зақым келтіріпті.


Күдіктілерді Ресейдің гвардия қызметкерлері қолға түсірді. Кісі өлтірді деген қызға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Sputnik


 




Көрілген: 545    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 17.06.2019, 09:16

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31