Шартарап

"Қызметтен кетуге дайынмын": Қырғызстан президенті өз шарттарын атады

  • "Қызметтен кетуге дайынмын": Қырғызстан президенті өз шарттарын атады

Сооронбай Жээнбеков елдегі құқықтық жағдайды қалпына келтіріп, Қырғызстан басшылығындағы болып жатқан өзгерістерді бейбіт жолмен заңдастыруға шақырды
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков кеше түнде республика халқына тағы бір үндеу жасады.

Жээнбеков отандастарына жүгініп, елдегі саяси ахуалдың күрделі деңгейге жеткенін мәлімдеді және оны шешудің қадамдарын атады.

Парламенттік сайлауды қайта өткізу
"Жогорку Кенешке сайлаудың нәтижелері жойылды. Енді жаңа парламенттік сайлау тағайындалуы керек. Бұл мәселе бойынша шешімді Орталық сайлау комиссиясы қабылдайды. Бұл шаралар қазіргі саяси шиеленісті азайтады", &ndash деді Жээнбеков.
Үкіметтің отставкасы туралы
Қырғызстан басшысы дағдарысқа дейін жұмыс істеген премьер-министр мен үкімет мүшелерін қызметінен босату қажеттігін атап өтті.

"Бұл жаңа тағайындаулардың құқықтық негізін жасайды", &ndash деді ол.

Жаңа премьер-министр мен үкімет мүшелерін тағайындауды заңдастыру үшін Жогорку Кенештің қаулысы мен президенттің жарлығы қажет.

"Мен тиісті жарлыққа қол қоюға дайынмын және Жогорку Кенештің қаулысын күтемін", &ndash деді Жээнбеков.

Депутаттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек
Парламентарийлер өз міндеттерін орындауы үшін құқық қорғау органдары Жогорку Кенеш депутаттарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек, деп атап өтті мемлекет басшысы.

"Лауазым мемлекеттік мүдделерден жоғары емес"
"Құрметті отандастар, мен бұған дейін айтқанымдай, жүргізіліп жатқан кадрлық өзгерістерді заңдастыруға ниеттімін. Мен үшін ешқандай ұстаным мемлекеттің тұтастығынан, халықтың бірлігі мен қоғамның тыныштығынан жоғары емес", &ndash деді Жээнбеков.

"Президенттік қызметтен кетуге дайынмын"
Ол қазіргі жағдайды тез арада заңды арнаға қайтару қажет екенін баса айтты.

"Атқарушы билік органдарының заңды басшылары бекітіліп, ел заңдылық жолға түскен соң, Қырғыз Республикасының президенті қызметінен кетуге дайынмын", &ndash деп атап өтті Қырғызстан басшысы.
Ол барлық саяси күштерді елдегі бейбітшілік пен тыныштықты сақтауға, халықты бөлуге және қоғамды екіге жармауға шақырды.

"Құдай Тағала барлық саяси күштерге даналық пен сабыр берсін!" &ndash деп түйіндеді Жээнбеков.

Қырғызстандағы тәртіпсіздік
5 қазанда Бішкекте парламенттік сайлаудың нәтижелеріне наразы митингілерден кейін тәртіпсіздіктер басталды. Жеңіліс тапқан партиялардың жақтаушылары президент әкімшілігі мен Жогорку Кенештің бір палаталы парламенті орналасқан "Ақ үй" ғимаратын басып алды. Ғимарат бүлініп, өрт шыққан. 


 

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев пен экс-премьер-министр Сапар Исаков және депутат Садыр Жапаров түрмеден босатылды.

Содан кейін бүкіл елде тәртіпсіздіктер басталды. Ел астанасындағы ірі өндірістік кәсіпорындар мен шетелдік компанияларды тартып алуға әрекет жасалды.

Алайда, ел президенті төтенше жағдай режимін енгізбеуге және қауіпсіздік қызметкерлеріне "қан төкпеуге" бұйрық берді.

Жаппай наразылық басталған күннің ертеңінде премьер-министр Құбатбек Боронов отставкаға кетті. Оның орнына оппозиция "Құмтөр" алтын кеніндегі наразылық акциялары кезінде кепілге алды деген айыппен сотталған Садыр Жапаровтың кандидатурасын ұсынды.

Ал елдің қазіргі президенті Бороновтың отставкасын қабылдамайтынын мәлімдеді.
 
 sputnik.kz




Көрілген: 1633    Пікірлер: 0

жұма, 09.10.2020, 11:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30