Лондонда Әзербайжан Республикасының Елшілігіне шабуыл жасалды

06 тамыз 2022, 11:09

Лондонда Әзербайжан Республикасының Елшілігіне шабуыл жасалды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі ҚР СІМ-нің ресми сайтына сілтеме жасап.

Үстіміздегі жылдың 4 тамызында орын алған экстремистердің Лондондағы Әзербайжан Республикасының Елшілігіне шабуылына байланысты дипломатиялық өкілдіктер мен олардың персоналына қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісі қабылданбайды деп санаймыз.

 

Халықаралық құқықтың негіздері мен нормаларын бұзудың осындай актілері жалпыға бірдей айыпталуға жатады және олардың ұйымдастырушыларын жауапкершілікке тарту мақсатында мұқият тергеуді талап етеді.

 

Біз әзербайжан халқының төзімділігіне сенімдіміз және бауырлас мемлекет үшін қиын жағдайларда жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенімізді білдіреміз.